Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Еңбекшіқазақ ауданы: Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдерімен кездесті

Алматы облысының әкімі Шелек ауылының Мәдениет үйінде аталған аудандағы ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

13.09.2022
Сұхбат
Суретті түсірген Аслан Қажеке

Суретті түсірген Аслан Қажеке

Кездесу барысында ауыл әкімдері бірқатар мәселелер туралы сөз қозғады:

  • Қаражота, Қаратұрық, Малыбай, Масақ, Тескенсу және Сөгеті ауылдарының дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жүргізу қажет. Тіпті, Нұрлы ауылының медицина қызметкерлері тұрғындарды мектепте қабылдауға мәжбүр;
  • жөндеу көрмеген мектеп мәселесі;
  • полиция пунктін салу.

Өз кезегінде облыс әкімі ауыл басшыларына мектеп салу үшін керек құжаттарды дайындап, мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтеретін нысандардың тізіміне енгізуді тапсырды. Және білім ошақтары елдімекеннің орталығында салынуы қажет екенін баса айтты.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

«Полиция қызметкерлеріне Мәдениет үйлерінен, әкімшілік ғимараттардан орын берген дұрыс. Пункт салуға жұмсалатын қаражатты әлеуметтік салаға бөлгеніміз тиімдірек», — деп жауап берді Марат Сұлтанғазиев.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

Сондай-ақ аймақ басшысы бизнесті дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың жоспары туралы мүлдем жақ ашпаған ауыл әкімдерін түгелдей сынның астына алды.

Айта кетейік, облыс әкімі барлық ауданды аралап, ауылдық округ әкімдерінің жұмысына талдау жүргізеді. Алдағы уақытта оның әр іс-сапары туралы толық ақпаратпен бөлісетін боламыз.

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival: креативті индустрияға жаңа серпін

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында жергілікті басқару мен тұрғындардың құқықтары қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында халықаралық бәйге жеңімпаздарына үш автокөлік табысталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz