Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматының бейнебақылау жүйесіне тұлғаларды тану қызметі енгізіледі

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары" бағдарламасы күні бүгінге дейін бейнебақылаумен қамтылмаған әлеуметтік объектілерде 7 мыңға дейін бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

12.09.2022
Қоғам

Бұл жұмыс келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Бұдан басқа, есепке алынған және жоғалған адамдарды іздеу кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап барлық бейнебақылау жүйелеріне бейнеаналитика және тұлғаларды тану функциясы интеграцияланатын болады.

2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына бейне суретті шығара отырып, террористік тұрғыдан осал барлық объектілер мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аулаларында камералар орнату есебінен кеңейтілетін болады, бұл түтінді, отты, қалдырылған заттарды тану және оларға жедел ден қою сияқты ықтимал қатерлердің болуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Алматыны дамыту бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін адамдар көп жиналатын жерлерде «SOS дабыл түймесі» шұғыл аудио/бейне қоңырау жүйесін орнату аяқталады, бұл жасалған заңсыз әрекеттерге жедел ден қоюға, сондай-ақ кезекші полиция қызметкерін бейне және аудио байланыс арқылы дереу қосуға мүмкіндік береді.

Қала құрылысы аясында қауіпсіздік мәселелерін шешуде түрлі көзқарасты болдырмау және қолайлы және қауіпсіз көшелерді қалыптастыру процесінің тиімділігін арттыру үшін 2030 жылға дейін көшелерді кешенді реконструкциялау тәсілі – жарық, бейнебақылау, жаяу жүргіншілер аймағы, дренаж, көгалдандыру және велосипед жолы енгізілетін болады.

Көліктік микромобильді инфрақұрылымды салу үшін көшелердің геометриясы өзгертіледі, бұл оларды жөндеу жобасын жасауға мүмкіндік береді, оның аясында проблемалар бірден шешілетін болады: қаланың ескірген жасыл қоры мен нөсер желісін жаңарту, халықтың мүмкіндігі шектеулі тобы үшін кедергісіз орта құру, Алматы жолдарындағы апатты төмендету үшін Vision Zero тұжырымдамасының элементтерін енгізу.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz