Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дастан Тұрарбекұлы Шалтабаев Алматы облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

12.09.2022
Сұхбат

Дастан Тұрарбекұлы 1973 жылы туған, білімі жоғары. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс бұйымдары мен конструкция өнімдері» мамандығы бойынша, 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бас маманы, сектор меңгерушісі, ҚР бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы шаруашылық басқармасының, ҚР Ұлттық банкінің диспетчері, Алматы облыстық білім департаментінің бас маманы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Алматы облыстық департаментінің бас маманы, Жамбыл, Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысын дамыту бойынша «Алатау» акционерлік қоғамы өкілдігінің басшысы, Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында.

Тегтер: жаңа лауазымтағайындау

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz