Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қонаевта қоғамдық көлікпен қатынау үшін электронды билет қолданылмақ

Бұл үшін қалада "Avtobýs" жүйесі іске қосылады. Аталған жобаны іске асыру үшін қала әкімі Нұрлан Құматаев "Innoforse solution" ЖШС-мен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

09.09.2022
Қоғам

«Шамамен 2-3 ай ішінде қаланы электронды билеттеу жүйесіне көшіреміз деп жоспарлап отырмыз. Avtobýs мобильді қосымшасын тұрғындар AppStore, Google play немесе AppGallery-ден жүктейді. Төлем QR кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі», — дейді қалалық Avtobýs жобасының жетекшісі Амандос Жәнібек.

Оның айтуынша, картаның бірнеше түрі болады: стандартты, оқушылар картасы, әлеуметтік осал топтағылар мен зейнеткерлерге арналған.

«Әрбір картаның бірегей нөмірі болады және иесінің ЖСН-мен тіркеледі. Оқушылар үшін ата-аналардың ЖСН, аты-жөні және байланыс телефондары көрсетілген тізім жасалады. Одан кейін карталар дайындалады. Дайын картаны 1 ш/а, 41а/1 мекенжайына барып, 15 кабинеттен алуға болады. Картаны жоғалтып алған жағдайда қайта көшірме жасап алуға мүмкіндік бар», — дейді жоба жетекшісі өз сөзінде.

Жоба жетекшісінің сөзіне сүйенсек, интернет байланысы болмағанда жол ақысы кейінге қалдырылған төлем бойынша жүргізіледі.

«Картаның құны — 500 теңге. Шоттағы ақша түрлі тәсілдер арқылы толтырылады: төлем терминалдары, Интернет-банкинг және Avtobýs мобильді қосымшасы арқылы. Сонымен қатар жүйеге «GPS» мекенжайды анықтайтын функциясы енгізілген. Аталған функция смартфон арқылы ата-аналардың балаларын бақылап отыруына, тұрғындардың қоғамдық көлік қай жерде келе жатқанын білуге мүмкіндік береді», — деді Амандос Жәнібек өз сөзін жалғап.

Аталған жүйе іске қосылған соң жол жүру құны қанша теңге болатыны, әзірше, белгісіз.

Айта кетейік, қазіргі таңда жол жүру құны — 80 теңге. Және тұрғындар үшін жобаның call-орталығы жұмыс істейді: +7 (7273) 17-47-05. Барлық ақпаратты https://avtobys.kz/ сайтынан алуға болады.

Тегтер: қоғамдық көлікҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz