Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетел фильмдерін қазақша дубляждауға мемлекет қолдау көрсетеді

Ұлттық фильмдерге қарастырылатын қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері қарастырылып отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында кинематография және мәдениет мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

08.09.2022
Жаңалықтар

«Шетел анимациялық фильмдерін және отбасылық фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды мемлекеттік қолдау қарастырылған. Оларды іріктеу тәртібі мен критерийлері анықталды», — деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар ол елімізде фильм түсіруге субсидия алуға үміткер халықаралық киностудияларға қойылатын талаптар жеңілдетілетінін айтты.

«Қолданыстағы механизмге сәйкес, инвестордың минималды жарнасы 130 мың АЕК болуы керек. Бұл шамамен 850 мың АҚШ долларын құрайды. Өз аумағында халықаралық киножобаларды сәтті жүзеге асыру тәжірибесі жоқ мемлекет үшін мұндай көрсеткіш тым жоғары. Осы орайда, «Кинематография туралы» заңның 15-ші бабынан Қазақстан Республикасының аумағындағы фильм өндірісіне салынатын қаражаттың төменгі шегі сөзі алынып тасталады», — деді министр.

Тегтер: қазақша

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz