Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Серік Жұманғарин вице-премьер — ҚР Сауда және интеграция министрі болды

Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

02.09.2022
Саясат

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 2 қыркүйек № 996

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы туған. 1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь р еволюциясы орденді энергетикалық институтын «Жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.

1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2005 – 2006 жылдары – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006 – 2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007 – 2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Аталған агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008 – 2010 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2010 – 2011 жылдары — «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012 – 2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013 – 2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму вице-министрі.

2014 – 2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары – Б әсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).

2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz