Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында орман алқаптарын қалпына келтіру бойынша халықаралық жоба жүзеге асырылмақ

Алматы облысының әкімдігі, Shin-Line Group компаниясы және Азия орман ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) орман алқаптарын қалпына келтіру, жасыл аймақтарды кеңейту және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026
Жаңалықтар

Келісім аясында тараптар табиғи ресурстарды тиімді басқару, аумақтарды көгалдандыру және өңірдің климаттық өзгерістерге бейімделуіне бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Бүгінде Shin-Line Group компаниясы 500 мың гинкго ағашын отырғызған. Компанияның жалпы аумағы 137 гектарды құрайтын жеке тәлімбағында көшеттер өсіріліп, Алматы қаласы мен Алматы облысында жаңа саябақтар құру, аумақтарды көгалдандыру және орман алқаптарын қалпына келтіру көзделген.

Жобаға AFoCO халықаралық ұйымының қатысуы орман шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелер мен заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар меморандум аясында бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, орман шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылады.

«Біз үшін ағаш отырғызу ғана емес, жасыл аймақтардың дамуына, сақталуына және адамдар өмірінің бір бөлігіне айналуына жағдай жасау маңызды. Экологиялық бастамалардың жаңа саябақтар, қалпына келтірілген ормандар және тұрғындар үшін жайлы орта түрінде нақты нәтиже бергенін қалаймыз», – деді Shin-Line Group президенті Андрей Шин.

Үшжақты ынтымақтастық өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғи ресурстарын сақтауға және тұрғындарға арналған жаңа жасыл кеңістіктер құруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында орман алқаптарын қалпына келтіру бойынша халықаралық жоба жүзеге асырылмақ

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы маңындағы Көклайсай шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында бұрынғы әкімді жазадан босату туралы шешім жойылды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында 6,4 шақырым веложол салынады

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz