Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Алматы облысында америкалық компаниялардың қатысуымен жалпы құны 248,5 млрд теңге болатын үш инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде өңірде 550-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов пен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Питер Кауфманның кездесуінде айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026
Жаңалықтар

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция тарту, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта Алматы облысында америкалық капиталдың қатысуымен тоғыз кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы өңір мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 81 млн доллардан асқан. Америкадан негізінен автомобильдер, көлік құралдарының қосалқы бөлшектері, фармацевтикалық өнімдер мен косметика импортталады. Облыс әкімі Шыңғыс Әрінов өңірдің шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

«Соңғы үш жылда облыс шет мемлекеттердің 18 өңірімен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдерге қол қойды. Осыған байланысты АҚШ штаттарының бірімен тікелей өңіраралық әріптестік орнатуға ерекше мүдделіміз. Бұл нақты жобалар мен тың бастамаларды іске асыруға жол ашады», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы америкалық инновациялық технологияларды өңірдегі өндіріс орындарына енгізу маңызды екенін жеткізді. Бұл бағытта ғылыми-зерттеу институттарымен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты дамыту көзделіп отыр.

Өз кезегінде АҚШ-тың Бас консулы Питер Кауфман Қазақстан мен Америка арасындағы экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқанын айтты. Оның мәліметінше, соңғы алты жылда екі ел арасындағы сауда көлемі екі есеге өсіп, Қазақстанға 17 млрд доллар инвестиция салынған.

«Біз Алматы облысы мен АҚШ арасында ынтымақтастық орнату идеясын қолдаймыз. Қазіргі таңда мұнда АЭС, «Алатау сити» сияқты жобалар қолға алынғанын білеміз. Бұл бастамаларға инвесторлардың қызығушылығы жоғары», – деді Питер Кауфман.

Бас консул алдағы уақытта білім, мәдениет және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, жаңа инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға келісті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz