Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда пара беруге уәде еткендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер күшіне енеді. Енді пара ұсынғаны, беруге уәде еткені немесе талап еткені үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Бұл туралы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы М. Исмаилов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026
Жаңалықтар

Жаңа заң талаптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мүдделер қақтығысын бақылауды күшейтуге және қылмыстық жауапкершілік аясын кеңейтуге бағытталған.

Атап айтқанда, бұдан былай параны нақты беру немесе алу фактісі бойынша ғана емес, оны ұсыну, беруге уәде ету немесе талап ету кезінде де қылмыстық жауапкершілік туындайды. Сонымен қатар жеке тұлғаларды сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады.

Заңнамадағы тағы бір маңызды өзгеріс – туыстардың бір мемлекеттік органда жұмыс істеуіне қатысты шектеулердің күшейтілуі. Енді мекеме басшысының қызметтік ықпалы болған жағдайда оның жиендері, қайын жұрты мен өзге де жекжаттарының бір мекемеде жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Алайда бұл талап бұрын жұмысқа орналасқан азаматтарға қолданылмайды.

Сондай-ақ мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда кадр қызметі екі жұмыс күні ішінде мекеме басшысына жазбаша хабарлауға міндетті болады.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда цифрлық кадрлық бақылау жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйе туыстық және кәсіпкерлік байланыстарды автоматты түрде тексеріп, жасырын мүдделер қақтығысын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бесжылдық стратегиясын әзірлеу жоспарланған.

Аталған өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz