Өңірде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Жалдамалы тұрғын үй ең көп берілген аудандардың қатарында Талғар, Іле және Жамбыл аудандары бар.
Атап айтқанда, облыстың қала-аудандарында жалдамалы тұрғын үйлер төмендегідей бөлінді:
-
Талғар ауданы – 330 пәтер;
-
Іле ауданы – 324 пәтер;
-
Жамбыл ауданы – 285 пәтер;
-
Қарасай ауданы – 284 пәтер;
-
Еңбекшіқазақ ауданы – 273 пәтер;
-
Қонаев қаласы – 136 пәтер;
-
Балқаш ауданы – 94 пәтер;
-
Ұйғыр ауданы – 92 пәтер;
-
Алатау қаласы – 67 пәтер;
-
Кеген ауданы – 51 пәтер;
-
Райымбек ауданы – 16 пәтер.
Ал несиелік тұрғын үй бағдарламасы аясында Іле ауданында 144, Талғар ауданында 72 және Қарасай ауданында 36 отбасы баспаналы болды.
Жалпы, өңірде 2 204 отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді. Бұл бағыттағы жұмыстар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған.





