Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Алматы облысында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, синтетикалық есірткі өндіретін төрт жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026
Жаңалықтар

Оның айтуынша, 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында заңсыз айналымнан 12 тонна 674 келіден астам есірткі заты тәркіленген. Осы кезеңде 83 есірткі қылмысы тіркеліп, 278 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция интернет арқылы есірткі таратушыларға қарсы күресті де күшейткен. Нәтижесінде есірткі заттарын жарнамалаған 695 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Сондай-ақ заңсыз қаржы айналымына тосқауыл қою мақсатында «Антифрод-орталығы» жүйесіне 20 470 төлем деректемесі енгізілген.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында облыстың аумақтық полиция бөлімшелерінде 11 арнайы жедел топ құрылып, Алматы – Бішкек және Алматы – Өскемен тасжолдарында екі мобильді бекет ұйымдастырылған. Арнайы операцияға өзге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың 55 қызметкері қосымша жұмылдырылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, алдағы уақытта синтетикалық есірткінің таралу арналарын анықтау және жою, заңсыз қаржы айналымын бұғаттау, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға ерекше назар аудармақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz