Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды

Алматы облысының Іле ауданында 6 мыңнан астам тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Жомарт» саяжай алқабында су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026
Жаңалықтар

Жоба аясында саяжай алқабындағы ауызсу инфрақұрылымы жаңартылып, тұрғындарға орталықтандырылған су жүйесін пайдалануға мүмкіндік жасалды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

Айта кетейік, Іле ауданында халық санының өсуіне байланысты инженерлік инфрақұрылымды дамыту өзекті мәселелердің біріне айналған. Әсіресе, тұрғындар тұрақты қоныстана бастаған саяжай алқаптарын ауызсумен және басқа да коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге басымдық берілуде.

Қазіргі уақытта Көкқайнар, Жапек батыр, Асқар Тоқпанов және Жайнақ ауылдарының бас жоспарлары бекітілген. Аталған елді мекендердің шекарасына 61 саяжай алқабы енгізілді. Ал қалған 49 саяжай алқабын ауылдар құрамына кезең-кезеңімен қосу жоспарланып отыр.

Осылайша, «Жомарт» саяжай алқабында жүзеге асырылған жоба нәтижесінде шамамен 6 мың тұрғын орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қол жеткізді. Бұл елді мекеннің коммуналдық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында биыл 2,3 млн тонна өнім жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

Қарасай ауданындағы 206 саяжай алқабының мәртебесі реттеледі

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

Қарасай ауданында ауылдық мәдениет үйлері жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

Қаскелеңде балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салынады

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

default

Қарасай ауданында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz