Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар тізімі жарияланды

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын кандидаттар белгілі болды. Облыстық мәслихатқа бірмандаттық сайлау округтері бойынша 59 кандидат тіркелген. Сонымен қатар төрт саяси партия өз кандидаттарының тізімін ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026
Жаңалықтар

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын жариялады.

Комиссия мәліметінше, бірмандаттық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихатқа 59, қалалық мәслихаттарға 70, аудандық мәслихаттарға 522 кандидат тіркелген. Кандидатурасын ұсынғаннан кейін 21 адам сайлауға қатысудан бас тартса, тағы бес кандидат тіркеуден өткен соң өз кандидатурасын кері қайтарып алған.

Сайлауға қатысушылар арасында кәсіпкерлер, білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Партиялық тізімдер бойынша сайлауға Respublica, «Ауыл», «Әділет» және «Ақ жол» партиялары қатысады. Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттарды тіркеу туралы құжатта 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 51 кандидат көрсетілген.

Respublica партиясынан кімдер ұсынылды?

Партия тізімінде үш кандидат бар:

  1. Талғатбек Әсет Талғатбекұлы – «ТАТ» компаниясының директоры;

  2. Максутов Асқат Даниярұлы – «Alfih» ЖШС директоры;

  3. Бердиева Гаухар Давлеткельдыевна – «ART Productions» арт-директоры.

«Ауыл» партиясының кандидаттары

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрт кандидатты ұсынған:

  1. Алтангадас Жанат – «Алтын жұлдыз» ЖШС директоры;

  2. Нурбеков Болатжан Саймасаевич – «Агро Масак» шаруа қожалығының төрағасы;

  3. Хамит Мухаммед Дарханұлы – «Ауыл» партиясы Алматы облыстық филиалының кеңесшісі;

  4. Әбубекова Айғаным Әбубекқызы – Алматы облыстық ветеринариялық станциясының маманы.

«Әділет» партиясының тізімінде 38 кандидат бар

«Әділет» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына 38 кандидатты ұсынған. Олардың қатарында кәсіпорын басшылары, мемлекеттік қызметшілер, медицина және қаржы саласының өкілдері бар.

Партиялық тізімге мына азаматтар енген:

  1. Атайбеков Бакыт Ынтыкбаевич – «Agroholding Dinara Group» ЖШС бас директоры;

  2. Омарова Маржан Ернаровна – «Dolce Pharm» ЖШС зауытының директоры;

  3. Мадигулов Мурат Бахиткеримович – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;

  4. Жарасбаев Даулет Жамалбекович – «Каргалы-fish» ЖШС директоры;

  5. Нуркадыров Серик Нуркадырович – «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

  6. Бигельдиева Молдир Махаббатовна – Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі директорының орынбасары;

  7. Абилев Нурлан Абилевич – Жетіген көлік-логистикалық орталығы директорының орынбасары;

  8. Каскарауов Данияр Алдабергенович – «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы;

  9. Вальков Виталий Викторович – «Sun Capital Engineering» ЖШС жоба жетекшісі;

  10. Ушуров Билалдин Талгатович – «ТехноGRAD» ЖШС директоры;

  11. Кузиев Динмухамед Дильмуратович – «Фирма БЕНТ» ЖШС президенті;

  12. Асылов Абай Ногаевич – «Алатау жарық компаниясы» АҚ президенті;

  13. Ақжолтаева Алия Ақжолтайқызы – Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының директоры;

  14. Сарипов Айдар Саматович – «Жаңа бетон» ЖШС директоры;

  15. Игибаев Ержан Минимханович – Қазақстан ұлттық лифтішілер қауымдастығының президенті;

  16. Рымтаев Досан Тасболатович – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селден қорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

  17. Айтқазы Әділет Нұрболатұлы – «Жастар Рухы» Алматы облыстық филиалының төрағасы;

  18. Кубентаев Аслан Нурахметович – «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

  19. Айменов Мырзакасым Алипбаевич – «Dinara Ranch» агрофирмасы ЖШС директоры;

  20. Дауталиев Казыбек Нурсеитович – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры;

  21. Ли Елена Эдуардовна – «Dolce» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;

  22. Қырғызбай Нұрым Орынтайұлы – №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің (АвтоХҚКО) басшысы;

  23. Гринченко Виталий Николаевич – «ДорТехМонтаж» ЖШС директоры;

  24. Дүйсенов Мәди Манарбекұлы – «Алатау жарық компаниясы» АҚ Қарасай аудандық электр желілері қызметінің басшысы;

  25. Касымов Ербулат Булатович – «Қазақстандық жаңа технологиялар» ЖШС директоры;

  26. Алимахунов Куат Турсынжанович – «ISKER HESS» ЖШС директоры;

  27. Нурсолтанова Сауле Кайырлиновна – «Жасыл қала» ЖШС директорының орынбасары;

  28. Нурпейсов Улан Абдималикович – «Ақ-Жол ДС» ЖШС директоры;

  29. Мусаев Мейрам Мирзанович – Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы;

  30. Солтанғазиев Айболат Әскербекұлы – «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

  31. Бегілдаш Димаш Ерланұлы – «BD-Group OIL» ЖШС директоры;

  32. Жазыкбаев Дияр Серикович – «Алматы» ЖШС директоры;

  33. Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы – «Игида Инкас» ЖШС құрылтайшысы;

  34. Ахметова Гульмира Асқарқызы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры;

  35. Ярмахамбетов Бахтияр Ярмахамбетович – «Dimond Invest Company» ЖШС директоры;

  36. Кусаинов Ерболат Мусилимханович – Балқаш ауданындағы «АЖК Энмужгосбыт» директоры;

  37. Әбіт Айжан Советбекқызы – Еңбекшіқазақ аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры;

  38. Серікханқызы Аида – «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыру-өкімдік жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

«Ақ жол» партиясынан алты кандидат тіркелген

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының тізімінде алты кандидат көрсетілген:

  1. Сағымбекұлы Абзалбек – «Гаухар Тас 07» ЖШС директоры;

  2. Кұдайбердиев Амангельды Касымжанович – «КазШерсть Технология» ЖШС директоры;

  3. Ергалиева Еңлік Ергалиевна – «AZA» жеке кәсіпкерлігінің директоры;

  4. Жұматова Толғанай Мұратовна – «Мугалбаев Б.А» жеке кәсіпкерлігінің есепшісі;

  5. Амангелді Бекзат Қайратқызы – «Нұрбанк» АҚ филиалы директорының орынбасары;

  6. Горяной Сергей Владимирович – «АМФ 1 ИМСТАЛЬКОН» ЖШС атқарушы директоры.

Осылайша, Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының алдағы сайлауына төрт саяси партиядан 51 кандидат партиялық тізім бойынша тіркелген. Олардың арасында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару, білім беру, медицина және басқа да салалардың өкілдері бар.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz