Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға биыл 37,7 млрд теңге бөлінді. Қаражат есебінен 36 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 898 шақырым инженерлік желі салынып, жаңғыртылады. Нәтижесінде 320 мыңнан астам тұрғын сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қол жеткізеді. Бұл туралы Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н. Өмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026
Жаңалықтар

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңірдегі бес қала – Алатау, Қонаев, Қаскелең, Есік және Талғар орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Ал облыстағы 368 ауылдық елді мекеннің 365-і немесе 99,1 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықталған. Қалған үш ауылдың тұрғындары ауыз суды жеке ұңғымалар арқылы пайдаланып отыр.

Дегенмен өңірдегі су құбыры желілерінің тозуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Облыстағы су құбырларының жалпы ұзындығы 5 536 шақырымды құраса, оның 2 886 шақырымы қайта жаңғыртуды қажет етеді. Қазіргі таңда желілердің тозу деңгейі 52,2 пайызға жеткен.

Су бұру жүйелерінің жағдайы да назар аударуды қажет етеді. Бүгінде облыстағы бес қала мен 23 елді мекен су бұру жүйесімен қамтылған. Ал кәріз суларын тазарту жүйелері Қонаев, Талғар және Есік қалаларында, сондай-ақ 10 елді мекенде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының Ұзынағаш және Кеген ауданының Саты ауылдарында кәріз тазарту құрылыстары салынып жатыр.

Өңірдегі су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 841 шақырымды құрайды. Олардың тозу деңгейі 69,5 пайызға жеткен.

Инфрақұрылымды жаңарту бағытында өткен жылы 23 жоба жүзеге асырылып, 438 шақырым су құбыры және 8,6 шақырым кәріз желісі салынып, қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 11 ауылда 330 млн теңгеге кешенді блок-модульдік станциялар орнатылып, 624 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, сумен жабдықтау саласында 30, ал су бұру жүйесінде алты жобаны іске асыру жоспарланған. Оларға жалпы 37,7 млрд теңге қарастырылған. Оның 26,4 млрд теңгесі жергілікті, 11,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген.

Жобалардың басым бөлігі бұрын басталған құрылыс жұмыстарын аяқтауға бағытталған. Сонымен қатар жаңа инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы да қолға алынуда.

Жоспарланған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша 898 шақырым инженерлік желі салынып, жаңғыртылады. Бұл су құбыры желілерінің тозу деңгейін 52,2 пайыздан 45 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ 320 мыңнан астам тұрғынның сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қолжетімділігі жақсарады.

Бұдан бөлек, облыста сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша жалпы құны 74 млрд теңгені құрайтын тағы 37 жоба әзірленген. Олар сегіз аудан мен екі қаладағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Аталған жобалардың жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, тиісті сараптамалардан өткен. Алайда құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін қосымша қаржыландыру қажет.

Облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі – қолданыстағы инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңғырту, олардың тозу деңгейін төмендету және тұрғындарды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы – Қонаев тасжолы ақылы жолдар рейтингінде көш бастады

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
11.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz