Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мектеп-интернаттағы қаржы жымқыру: Алматы облысында үш қызметкер сотталды

Алматы облысының Қарасай ауданында арнайы мектеп-интернаттың басшылығы 5,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Заңбұзушылықты аудан прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026
Жаңалықтар

Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысы білім басқармасына қарасты «Облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты заңбұзушылықты анықтады.

Тексеру барысында мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарды жалған қызметке орналастыру арқылы мемлекет қаржысын заңсыз иемденгені белгілі болды. Осы тәсілмен жалпы сомасы 5,8 миллион теңге бюджет қаражаты жымқырылған.

Анықталған деректер бойынша прокуратура материалдарының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы – «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Қылмыстық іс сотта қаралып, мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері кінәлі деп танылды. Сот үкімімен олардың әрқайсысына әртүрлі жаза тағайындалды. Алайда нақты қандай жаза қолданылғаны туралы мәлімет берілмеді.

Қарасай ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдарындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау және бюджет қаражатының мақсатты әрі заңды жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын хабарлады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы – Қонаев тасжолы ақылы жолдар рейтингінде көш бастады

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
11.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz