Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында заңсыз аңшылыққа қатысы бар деген күдікпен автокөлік тоқтатылып, қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың өлексесі табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026
Жаңалықтар

7 қарашада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау бағытында күшейтілген рейд жүргізді.

Тексеру барысында «Шонжы – Көкпек – Алматы» автожолында күдік тудырған автокөлік тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктегі азаматтардың 6 қарашада Шарын ұлттық паркінің Темірлік аумағына жақын жерде заңсыз аңшылық жасауға қатысы болуы мүмкін.

Оқиға орнынан қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың өлексесі табылды. Олардың нақты түрі мен жынысы тиісті сараптама қорытындысы бойынша анықталады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ күдікке ілінген азаматтардың заңсыз аңшылыққа қатыстылығын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

AUYL SPORT–2026: Алматы облысының спортшылары бес алтын жеңіп алды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz