Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әсем Орынбай стенд атудан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Алматы облысының спортшысы Әсем Орынбай Катар астанасы Дохада өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатында үздік бестікке енді. Ол жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанға осы спорт түрінен алғашқы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026
Жаңалықтар

Әлемнің үздік мергендері бас қосқан додада қазақстандық спортшы жоғары шеберлік пен төзімділік танытты. Шешуші кезеңде 24 нысананың 20-сын дәл көздеген Әсем Орынбай әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Жарыста Қытай спортшысы Цзян Итинг 34 нысананы дәл атып, алтын медаль иеленді. Күміс жүлде оның отандасы Чэ Юфэйге бұйырды. Ол 32 нысананы дәл көздеді. Ал қола медальді Словакия өкілі Моника Штибрава жеңіп алды.

Әсем Орынбайдың бұл нәтижесі Қазақстан спорты үшін маңызды жетістік болды. Ол стенд атудан ел қоржынына алғашқы Олимпиада лицензиясын салып, отандық мергендердің халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алматы облысының спорт мектебінде тәрбиеленген Әсем Орынбай бұған дейін де халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Әлем чемпионатындағы бұл жетістігі оның спорттық мансабындағы маңызды белестердің бірі әрі Алматы облысы спорты үшін үлкен мақтаныш болды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбай стенд атудан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Қонаевтағы академқалашықтың құрылысы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Алматы облысында дәрігерлер 32 магнит жұтып қойған екі балаға сәтті ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімге басымдық беріледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz