Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 588 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар — 66 ал, облыстық — 240 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдар — 282 шақырым. Жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі тиісінше 97 пайыз, 98 пайыз және 79 пайыз.
Қазірде Шәлкөде жайлауына апаратын 32,5 шақырым жолдың негізі толық дайындалып, 28 шақырымына асфальт төселді. Жұмыстарды 13 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар Байынқол, Шұбартал және Көккемер бағыттарындағы жалпы ұзындығы 62,5 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандарды 2027 жылы аяқтау көзделген.
«Ауылішілік жолдарды жақсарту бағытында да бірқатар жұмыс атқарылды. Сүмбе, Текес, Қақпақ, Көкбел және Көмірші ауылдарындағы жалпы ұзындығы 21 шақырымнан асатын көшелерге орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал Тегістік ауылында 2 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жалғасуда»,-деп атап өтті аудан әкімі Дастан Сұлтанмұратұлы.
Алдағы жылы Қаратоған, Тұзкөл және Нарынқол ауылдарының көшелерімен қатар Көмірші арасаны, Ақкөл, Шоғансай демалыс аймақтары мен Батпақты бағытына апаратын жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар ауданның жол инфрақұрылымын жақсартып, туристік нысандарға қатынауды жеңілдетуге бағытталған.





