Оның айтуынша, бұл жоба медициналық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болмақ.
Тағы бір медициналық нысан Жаңаарна шағынауданында ашылды. Биыл мұнда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта нысан пайдалануға берілген.
Сонымен қатар Жаңадәуір шағынауданында бір ауысымда 50 адамды қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.
Жетіген шағынауданындағы емхана мен Жаңадәуірдегі амбулаторияны қамтитын екі жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп қойған. Құрылыс жұмыстары қажетті қаржы бөлінгеннен кейін басталады.
Жаңа медициналық мекемелер алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алатау қаласы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.





