Ақпарат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 13-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес ұсынылды.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін Мейрамгүл Қазбекқызы Айтова атқарады. Комиссия төрағасының орынбасары – Ерзат Мұратұлы Садықов, хатшысы – Анар Қанатқызы Қанатова.
Комиссия құрамына Айдын Нұртайұлы Бексұлтанов, Ақмарал Қадыржанқызы, Ержан Жамалбекұлы Омарбеков және Ермек Амангелдіұлы Самсыбеков мүше болып кіреді.
Аумақтық сайлау комиссиясы Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қойшыманов көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.
Комиссияның жұмыс уақыты – сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін. Түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін белгіленген.
Сайлау процесіне қатысты сұрақтар бойынша тұрғындар 8 (72772) 2-83-81 телефон нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ tic_alm_obl@saylau.kz электрондық поштасы арқылы өтініш жолдауға болады.





