Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында мәслихат сайлауына қатысты ресми мәлімет жарияланды

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты комиссияның құрамы мен орналасқан жері туралы ресми мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026
Жаңалықтар

Ақпарат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 13-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес ұсынылды.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін Мейрамгүл Қазбекқызы Айтова атқарады. Комиссия төрағасының орынбасары – Ерзат Мұратұлы Садықов, хатшысы – Анар Қанатқызы Қанатова.

Комиссия құрамына Айдын Нұртайұлы Бексұлтанов, Ақмарал Қадыржанқызы, Ержан Жамалбекұлы Омарбеков және Ермек Амангелдіұлы Самсыбеков мүше болып кіреді.

Аумақтық сайлау комиссиясы Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қойшыманов көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.

Комиссияның жұмыс уақыты – сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін. Түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін белгіленген.

Сайлау процесіне қатысты сұрақтар бойынша тұрғындар 8 (72772) 2-83-81 телефон нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ tic_alm_obl@saylau.kz электрондық поштасы арқылы өтініш жолдауға болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

Қонаевта 2050 түп арша егілді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

Қонаевта 500-ге жуық адам сенбілікке шығып, 650 қап қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz