Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 500-ге жуық адам сенбілікке шығып, 650 қап қоқыс жинады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «World Cleanup Day – 2026» халықаралық экологиялық акциясы мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына 500-ге жуық адам қатысып, қала аумағынан 650 қап қоқыс жиналды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026
Жаңалықтар

Қонаев қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен экологиялық акция қаланың үш аумағын қамтыды. Атап айтқанда, №7 саяжай, 10-шағынаудан және Абай көшесінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға жергілікті тұрғындар, еріктілер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.

Сенбілік барысында қатысушыларға арнайы қолғаптар мен қоқыс қаптары таратылып, белгіленген аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Әсіресе №7 саяжай аумағында қордаланған қоқыстарды жинауға ерекше көңіл бөлінді.

Экологиялық шараға Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері де атсалысты. Басқарманың бөлім басшысы Дулатбек Серікұлы мұндай бастамалардың тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Басқарма қызметкерлерімен бірге апта сайын сенбіліктерге қатысамыз. Тазалық әр адамның өзінен басталады. Сондықтан табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді ол.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Green School» жобасы аясында өткізілген тазалық жұмыстарының нәтижесінде 650 қап қоқыс жиналған.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы шаралар жүзеге асырылып келеді.

Мұндай бастамалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоғамдық орындарда тазалық сақтауға үндейді.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

Қонаевта 2050 түп арша егілді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

Қонаевта 500-ге жуық адам сенбілікке шығып, 650 қап қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz