Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбеде 17 мыңнан астам азаматтың ақшасын жымқырғандарға сот үкімі шықты

Ақтөбеде "Выгодный займ", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-н құрып, 17 мыңнан астам салымшының ақшасын жымқырған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

№2 Ақтөбе қалалық соты үкімді қоныс колониясында оқыды.

Іс материалына сүйенсек, қылмысқа қатысы бар жеке тұлғаларға ҚР ҚК-нің «Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет», «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «Алаяқтық» баптары бойынша айып тағылды.

Ресми мәліметке сүйенсек, сотталушы Ж. Есіркепов 2018 жылдан бастап салымшылардың 30 миллиард теңгеден астам қаржысын жымқырған. 48 адамнан құралған топтың ісі 3 786 томнан тұрады.

«Ж. Есіркепов, Н. Танбашев айыпты деп танылып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Олар қаржы, коммерциялық ұйымдарда 10 жыл басқарушы қызметін атқара алмайды. Мүлкі тәркіленеді», — деді судья Сейфулла Тасымбетов.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелері 7 жылдан 13 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

№2 қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, келесі сот үкімі 31 тамыз күні жария етіледі.

Тегтер: заңсыз ақшасот үкімі

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz