Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

9 қазанда Қонаев қаласында «Global Exchange – 2026» халықаралық білім көрмесі өтеді. Шара барысында қала тұрғындары мен жастар шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен танысып, гранттар мен оқуға түсу талаптары туралы ақпарат ала алады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026
Жаңалықтар

Халықаралық білім көрмесі Қонаев қаласының орталық алаңында сағат 14:00-де басталады.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарға шетелде жоғары білім алу мүмкіндіктерін таныстыру, халықаралық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беру және болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар көрсету.

Көрме аясында шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері өз университеттеріндегі білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктер және қабылдау талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қатысушылар шетелде білім алуға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оқуға түсу шарттары туралы тікелей университет өкілдерінен мәлімет біле алады.

Мұндай білім беру алаңдары әсіресе мектеп бітіруші түлектер, студенттер және шетелде оқуын жалғастыруды жоспарлап жүрген жастар үшін маңызды.

«Global Exchange – 2026» көрмесі халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімділігін арттырып, жастардың болашақ білім жолын саналы түрде таңдауына ықпал етуді көздейді.

Көрме 9 қазан күні сағат 14:00-де Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға қатысуға шақырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған төрт адам сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Ауылдағы адал еңбек: Алматы облысының екі азаматы мемлекеттік награда алды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
23.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
23.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
23.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz