Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Іле ауданында қоқыс төккен тұрғынға айыппұл салынды

Алматы облысының Іле ауданында белгіленбеген жерге құрылыс қалдықтарын төккен азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыны анықтауға бейнебақылау камералары көмектескен, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026
Жаңалықтар

Оқиға Ащыбұлақ ауылдық округінде болған. Белгіленбеген аумаққа құрылыс қалдықтарының төгілгені анықталғаннан кейін жауапты мамандар жақын маңда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеген.

Нәтижесінде құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен тұлғаның жеке басы анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынды.

Алайда құқық бұзушыға тек айыппұл төлеумен шектелуге тура келген жоқ. Ол өз қаражаты есебінен төгілген құрылыс қалдықтарын толықтай жинап, ластанған аумақты тазартқан.

Мұндай шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге бағытталған.

Жауапты органдардың мәліметінше, Іле ауданы аумағында тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс төгу фактілерінің алдын алу бойынша бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қарасайда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Қарасай ауданында 1607 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Жаңа Конституция: мәселені шешуге бастайтын жаңғыру

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Алматы облысында грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz