Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Алматы облысында КСРО спорт шебері Есенжол Әлимановты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы ашық республикалық турнир басталды. Екі күнге созылатын жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан 250-ден астам жас балуан қатысады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026
Жаңалықтар

Жарыс 7–8 қазан күндері Талғар қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді. Турнирге 2007–2009 жылдары туған спортшылар қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салады. Ең жеңіл салмақ дәрежесі – 55 келі, ал ең жоғарысы – 130 келіден жоғары.

Жарыстың алғашқы белдесулері 7 қазан күні сағат 10:30-да басталды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі осы күні сағат 12:30–13:30 аралығында өтеді.

Жеке есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша, яғни 7 және 8 қазанда марапатталады. Үздік нәтиже көрсеткен балуандарға тиісті дәрежедегі медальдар мен грамоталар, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табысталады.

Турнирді Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық «Бұқаралық спорт клубы», Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы және аталған федерацияның Алматы облысындағы өкілдігі ұйымдастырып отыр.

Екі күндік бәсеке жас балуандардың дайындық деңгейін бағалап қана қоймай, болашақта ел намысын ірі жарыстарда қорғайтын талантты спортшыларды анықтауға мүмкіндік беретін алаң болмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қарасайда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Қарасай ауданында 1607 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Жаңа Конституция: мәселені шешуге бастайтын жаңғыру

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Алматы облысында грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz