Оқиға 4 қазанда болған. Жол апаты салдарынан екі кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақатын алып, Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен екі балаға да ота жасалған. Операциядан кейін олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған.
«Екеуіне де ота жасалып, операциядан кейін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде бақылауда болды», – деп хабарлады дәрігерлер.
5 қазандағы мәлімет бойынша, зардап шеккендердің бірінің жағдайы жақсарып, одан әрі ем қабылдау үшін хирургия бөліміне ауыстырылған.
Екінші бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Денсаулық сақтау басқармасы науқастардың жеке деректері мен денсаулық жағдайына қатысты өзге мәліметтер дәрігерлік құпияға байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді.





