Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев гарнизонында 50 сарбаз жүргізуші сертификатын алды

Қонаев гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында үш айлық даярлықтан өткен 50 мерзімді әскери қызметші жүргізуші біліктілігін алды. Енді олар әскери техникаларды басқару бойынша алған білімдері мен дағдыларын әскери бөлімшелерде шыңдайды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026
Жаңалықтар

Үш айға созылған оқу барысында сарбаздар теориялық біліммен қатар, практикалық дайындықтан өтті. Полигонда олар әскери техниканы түрлі бағыттарда басқаруды, кедергілерден өтуді және күрделі жол жағдайларында дұрыс әрі жедел әрекет етуді үйренді.

Дайындық кезінде әскери техниканы басқарумен қатар, оның техникалық жағдайын бақылауға, дұрыс қызмет көрсетуге және ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Оқу-жаттығу орталығында даярлықтан өткен 50 сарбаздың 30-ы БТР-80 бронетранспортерінің жүргізушісі біліктілігін алды. Тағы 20 әскери қызметші «Арлан» брондалған дөңгелекті машинасын басқаруды меңгерді.

Қатардағы жауынгер Айдос Фархаддиновтың айтуынша, үш айлық оқу сарбаздарға әскери техниканы басқаруды меңгеріп қана қоймай, күрделі жағдайда сенімді әрекет етуге мүмкіндік берген.

«Үш ай ішінде бронетранспортерді басқару дағдыларын меңгеріп қана қоймай, өз күшімізге деген сенімділігімізді арттырдық. Нұсқаушы сержанттардың кәсібилігінің арқасында әртүрлі жағдайда нақты әрі сабырлы әрекет етуді үйрендік», – деді Айдос Фархаддинов.

Оқу курсының қорытындысы бойынша орталық түлектеріне даярлықтан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Енді жас мамандар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінде қызметін жалғастырып, алған білімдерін тәжірибеде бекітеді және штаттық әскери техниканы басқару шеберлігін одан әрі жетілдіреді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңбыр, қар және үсік күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында Cobalt екі баланы қағып кетті: біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысының тауларында екі жасөспірім адасып кетті

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

МӘС-тен өту жеңілдейді: Қазақстанда электронды кезек іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында 600-ге жуық десантшы Жауынгерлік тумен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz