Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үлкен Алматы каналының 125 шақырымнан астам бөлігі бетонмен қапталады

Су ресурстары және ирригация министрлігі Үлкен Алматы каналының 125 шақырымнан астам бөлігін қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026
Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барып, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының учаскелерінде жүргізілген реконструкция жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Биыл каналдың апатты жағдайдағы, жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Су шығынын азайтып, 33,3 мың гектар егістік алқапты тұрақты әрі сапалы суару үшін канал арнасы монолитті темірбетонмен қапталған.

Атқарылған жұмыстармен танысқан министр Су шаруашылығы комитетіне нысанды пайдалануға түпкілікті қабылдау алдында мұқият тексеруді тапсырды.

«Келесі жылдың вегетация кезеңіне дейін каналдың толық дайын болуын қамтамасыз ету қажет. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізуде ешқандай мәселе болмауы керек. Сонымен қатар Үлкен Алматы каналының басқа учаскелерін реконструкциялауға қажетті құжаттарды әзірлеу жұмыстарын уақытылы аяқтау қажет», – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрлік Үлкен Алматы каналын үш кезеңмен реконструкциялауды жоспарлап отыр. Бірінші бағыт бойынша ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені бетондау жобасы әзірленген.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын өзге учаскелерді қайта жаңғыртуға қажетті құжаттар дайындалып жатыр. Үшінші кезеңде Үлкен Алматы каналының бас су құрылысын жөндеу көзделген.

Министрліктің мәліметінше, ауқымды реконструкция каналдың су өткізу мүмкіндігін жобалық көрсеткішке дейін жеткізуге және Алматы облысындағы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматын 88 адам іздеп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Үлкен Алматы каналының 125 шақырымнан астам бөлігі бетонмен қапталады

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Алматы облысында 37 су шаруашылығы нысанын жаңғырту жоспарланды

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Astana AI Film Festival: креативті индустрияға жаңа серпін

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz