Әнуар Жанболатұлы Әскербеков 1992 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2016 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолында мемлекеттік басқару, жер қатынастары және коммуналдық шаруашылық салаларында түрлі қызмет атқарған.
Атап айтқанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалына қарасты Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығында экономист болып жұмыс істеп, кейін жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары және бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету және талдау басқармасын басқарған.
Кейін Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасында бас маман, Алатау ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы болып еңбек еткен.
Бұдан бөлек, «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында директордың жалпы және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.





