Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлері Президент марапатына ие болды

Алматы облысында мәдениет және ақпарат саласының бірқатар өкілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиында марапаттарды Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов табыстады, деп хабарлайды Alataunews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026
Жаңалықтар

Марапатталғандардың қатарында ұлттық мәдениетті дамытуға, тарихи мұраны насихаттауға және ақпарат саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген шығармашылық өкілдері мен журналистер бар.

Салтанатты рәсім барысында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізіп, мәдениет пен ақпарат саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне тоқталды.

Оның айтуынша, елімізде өңірлерді дамыту мәселесімен қатар ұлттық рухани құндылықтарды сақтау мен дәріптеуге ерекше көңіл бөлініп келеді.

«Алматы облысы – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Әсіресе ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу – басты назарда», – деді Мәлік Отарбаев.

Ол биыл Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен белгілі кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Мұндай бастамаларды жүзеге асыруда өнер адамдары мен ақпарат саласы қызметкерлерінің еңбегі зор екенін жеткізді.

Жиында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов те сөз сөйлеп, мәдениет пен журналистиканың қоғам дамуындағы маңызына назар аударды.

«Мәдениет – халықтың рухани болмысын айқындайтын маңызды сала. Ұлттық құндылықтарды сақтау, өнер мен шығармашылықты қолдау, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу – ортақ міндет. Ақпарат саласының да қоғамдағы орны ерекше. Жұртшылықты елдегі маңызды жаңалықтардан дер кезінде хабардар ету, атқарылып жатқан жұмыстарды ашық әрі нақты жеткізу кәсіби жауапкершілікті талап етеді», – деді облыс әкімі.

Мемлекеттік марапатқа ие болғандардың бірі – белгілі журналист, ақын әрі жазушы Қуат Қайранбаев. Қаламгер журналистика саласында 45 жылға жуық еңбек етіп келе жатқанын айтып, еңбегінің жоғары бағаланғанына ризашылығын білдірді.

«Журналистика саласында еңбек етіп келе жатқаныма 45 жылдай уақыт болды. Еңбегіміздің ескеріліп жатқанына қуаныштымын. Бүгінгі марапаттың жөні бөлек. Жүрегіміздің соғысы жиілеп, толқып тұрмыз. Осындай сый-құрметке бөлеген Мемлекет басшысына алғысым шексіз», – деді Қуат Қайранбаев.

Сондай-ақ ол мәдениет пен ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерін марапаттарымен құттықтады.

Салтанатты жиында ұзақ жылдар бойы шығармашылық және кәсіби қызметімен ерекшеленген азаматтардың еңбегі атап өтілді. Марапаттау рәсімі мәдени мұраны сақтауға, ұлттық өнерді дамытуға және қоғамды ақпараттандыруға үлес қосқан сала өкілдеріне құрмет көрсетуге арналды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында халықаралық бәйге жеңімпаздарына үш автокөлік табысталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына 25 мыңға жуық адам жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Қонаевта Қала күніне орай 22 мерекелік шара ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz