Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Алматы облысында реновация бағдарламасы аясында тозығы жеткен 22 көппәтерлі тұрғын үйді сүру жоспарланып отыр. Жалпы саны 247 пәтерден тұратын бұл ғимараттардың тозу деңгейі 90–100 пайызға жеткен. Ескі үйлердің басым бөлігі Қонаев қаласында орналасқан, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, реновация бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жоспар бойынша ескі үйлердегі барлық пәтер иелері үш жыл ішінде жаңа баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бағдарламаның басты талаптарының бірі – тұрғындардың баспанаға қатысты құқықтарын сақтау. Ескі ғимараттар сүріліп, олардың орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынғанға дейін меншік иелеріне уақытша баспана ұсынылады немесе пәтер жалдау шығындары өтеледі.

Жаңа пәтерлер «бөлме санына қарай тең айырбастау» қағидаты негізінде беріледі. Мәселен, ескі үйде бір бөлмелі пәтері бар тұрғын жаңа ғимараттан да бір бөлмелі баспана алады. Бұл ретте пәтерде қанша адамның тұратыны немесе тіркелгені есепке алынбайды.

Сондай-ақ жаңа баспананың жалпы ауданы бұрынғы пәтерден кем болмауы шарт. Барлық пәтер толық әрленіп, тұрғындардың бірден қоныстануына дайын күйде тапсырылуы тиіс.

Реновацияның алғашқы кезеңінде жеті көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары көшіріледі. Оның төртеуі Қонаев қаласында, үшеуі Іле ауданына қарасты Өтеген батыр кентінде орналасқан.

2027 жылы бағдарлама аясында тағы бес тұрғын үйді жаңарту көзделген. Жалпы саны 99 пәтерден тұратын бұл ғимараттар Қонаев, Қаскелең қалалары мен Өтеген батыр кентінде орналасқан. Олардың арасында бұрын жатақхана ретінде пайдаланылған нысандар да бар.

Ал 2028 жылы Қонаев қаласы мен Боралдай кентіндегі сегіз тұрғын үйді сүру жоспарланып отыр. Бұл ғимараттарда барлығы 67 пәтер бар.

Бағдарламаның қорытынды кезеңінде тағы екі тұрғын үй қамтылады. Оның бірі Қонаев қаласында, екіншісі Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында орналасқан. Аталған екі ғимаратта жалпы саны 25 пәтер бар.

Осылайша, Алматы облысында реновация бағдарламасы аясында апатты жағдайға жақындаған және әбден тозған тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңарту көзделіп отыр. Жобаның негізгі мақсаты – ескі баспаналарда тұратын азаматтарды қауіпсіз әрі заманауи тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz