Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта демалыс үйін салудың басты талаптары қандай?

Қонаев қаласы мен Қапшағай су қоймасы маңында демалыс үйін салу кезінде өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескерген жөн. Жаздағы аптап ыстық, қыстағы аяз, қатты жел мен құм құрылыс материалдарын таңдаудан бастап, жылыту жүйесі мен терраса жиһазына дейін әсер етеді, деп хабарлайды Alataunews.kz Qonaev-gorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026
Жаңалықтар

Қонаев қаласының бас жоспарында келтірілген мәлімет бойынша, шілдедегі орташа температура +25,5 °C болса, жаздағы орташа ең жоғары температура +33 °C-тан асады. Абсолюттік максимум +43 °C-қа, ал минимум −35 °C-қа дейін жетеді. Сондықтан әсіресе қыста тұрақты адам тұрмайтын демалыс үйлерін жобалауға ерекше назар аудару қажет.

Мамандар мұндай үйлерге температураның күрт өзгеруіне төзімді керамогранит, су сіңіргіштігі төмен тас, боялған беттер және ұнтақты бояумен қапталған металл секілді материалдарды пайдалануды ұсынады. Ал паркет пен тұтас ағаштан жасалған жабындар тұрақты температура мен ылғалдылықты қажет етеді.

Қыста үй бос тұратын болса, кезекші жылыту жүйесін қарастырған немесе нысанды маусымға толық дайындаған дұрыс. Қатты аяз кезінде құбырдағы су қатып қалуы мүмкін. Сол себепті жылыту өшірілетін жағдайда құбырлардағы, бойлердегі, сифондардағы және ауладағы су жүйесіндегі суды толық ағызу қажет.

Су қоймасы маңындағы жел терраса жиһазын таңдауға да әсер етеді. Ашық алаңға ауыр немесе оңай жиналатын жиһаз қою ұсынылады. Сыртқы ортаға арналған алюминий немесе тик ағашынан жасалған жиһаздар қолайлы саналады. Жастықтар мен басқа да тоқыма бұйымдарын қыста жабық жерде сақтау керек.

Тағы бір маңызды мәселе – құм. Оның үйге таралуын азайту үшін кіреберіске арнайы төсеніш төсеп, аяқкиім сақтайтын орын қарастырған жөн. Террасаға шығатын аймақта құмнан оңай тазартылатын тас немесе плитка қолдану тиімді.

Материалда үй салмас бұрын жер телімінің сейсмикалық жағдайы мен су қорғау аймағына қатысты талаптарды да тексеру қажеттігі айтылады. Қонаев қаласының бас жоспарында қала мен жағалау аумағында 6, 7 және 8 балдық сейсмикалық аймақтар белгіленген.

Қонаевтағы жылжымайтын мүлік нарығына да қызығушылық артып келеді. Бастапқы материалда 2026 жылғы 28 қыркүйектегі дерек бойынша үйлер мен саяжайларды сату жөнінде 460 хабарландыру болғаны көрсетілген. 10 сотық жер телімдерінің ұсыныс бағасы 14,5 млн теңгеден 28 млн теңгеге дейін жеткен.

Сонымен қатар қаланың бас жоспарында 2050 жылға қарай халық санын 205 мың адамға жеткізу және жағалау бойында ұзындығы 16 шақырымнан асатын жаяу жүргіншілер бульварын дамыту көзделген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
01.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
01.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
01.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz