Мониторинг барысында серіктестіктің монополияға қарсы органмен келісілмеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырғаны анықталды. Аталған қызмет түрлерін жүргізуге тиісті келісім болмаған.
Заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларды құру, олардың қызметін кеңейту немесе қызмет түрлерін өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу қажет.
Мониторинг қорытындысы бойынша департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабында көзделген тәртіппен «Ақши-агросервис» ЖШС-не қатысты нұсқама шығарды.
Департамент мәліметінше, шығарылған нұсқама серіктестік тарапынан толық көлемде орындалған.





