Полиция мәліметінше, құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық жүргізуші анықталған. Олардың арасындағы үш негізгі құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды.
Сот шешімімен Қарасай ауданының тұрғындары – Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Айдос Ногай, ВАЗ жүргізушісі Ринат Оналбеков және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Дамир Иханның әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.
Құқық қорғау органдары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.





