Жаңа есепке сәйкес, тұрғындар үшін суық судың 1 текше метрінің құны қосылған құн салығын қоса есептегенде 178 теңге болса, кәріз қызметінің тарифі 119 теңгені құрайды.
Мамандардың айтуынша, тарифтің өзгеруіне электр энергиясы мен жөндеу материалдарының қымбаттауы, сондай-ақ соңғы екі жылда «Алматы Су» кәсіпорнының теңгеріміне жүздеген шақырым жаңа желілердің берілуі себеп болған.
Бұл ретте коммуналдық төлем түбіртегіндегі судың үлесі небәрі 3-4 пайызды құрайды. Сондықтан есептеу құралы орнатылған орташа пәтер үшін ай сайынғы төлем шамамен 1500 теңгеден аспайды.
«Алматы Су» МКК қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Жандос Тәкібаевтың айтуынша, тарифтің инвестициялық бөлігі 30 пайыздан асады.





