Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Алматы облысында қоршаған ортаға елеулі әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісті жаңғыртып, шығарындыларды азайту және қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы Раушан Мұхажанова мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026
Жаңалықтар

Спикердің айтуынша, облыс аумағында 3 326 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 51-і қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін бірінші санаттағы нысандар қатарына жатады. Экологиялық жүктемені төмендету мақсатында кәсіпорындар өндірісті жаңғыртып, заманауи тазарту қондырғылары мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізуде. Сонымен қатар шығарындыларды азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және ресурстарды қайта пайдалану шаралары қолға алынған.

Маңызды бағыттардың бірі – эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін енгізу. Бұл технология шығарындылардың көлемі мен құрамын нақты уақыт режимінде бақылап, мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органға автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді.

Осындай жүйе «Қайрат» индустриялық аймағында орналасқан «Almaty Insulation» ЖШС-де 2024 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. Кәсіпорында жауын-шашыннан пайда болатын сарқынды суларды үш сатылы тазарту ұйымдастырылып, тазартылған су өндірісте қайта пайдаланылады. Ал минералды мақта қалдықтары брикеттерге өңделіп, қайтадан өндірістік процеске жіберіледі.

Экологиялық жаңғырту жұмыстары Алматы ЖЭО-3 нысанында да жүргізілмек. Реконструкция аясында көмірмен жұмыс істейтін генерациядан табиғи газбен жұмыс істейтін заманауи бу-газ қондырғыларына көшу көзделген.

«Қазіргі уақытта ЖЭО-3 шығарындылары жылына шамамен 13,97 мың тоннаны құрайды. Бу-газ қондырғылары негізгі жұмыс режиміне көшкеннен кейін шығарындылар көлемін жылына 90 пайызға дейін төмендету болжанып отыр», – деді Раушан Мұхажанова.

Оның айтуынша, «Жетісу Вольфрам» ЖШС-де автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу 2027 жылға жоспарланған. Ал «Прима Құс» ЖШС-де 2024–2025 жылдары қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған бірқатар шара жүзеге асырылып, жел электр стансасы салынған. «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ кәсіпорындарында да шығарындылар көлемін азайту жұмыстары жалғасуда.

Баспасөз мәслихатында сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі де көтерілді. Атап айтқанда, «Алматы Су» кәсіпорнының механикалық тазарту цехын, арналарды, Қаскелең дюкерін, тұнба құбырлары жүйесін, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жоспарланған. Сарқынды суларды тазарту кезінде хлорелланы қолдану технологиясының тиімділігін зерттеу де қолға алынған.

Қонаев қаласындағы 1968 жылы салынған кәріздік тазарту құрылысының тозу деңгейі шамамен 95 пайызға жеткен. Оны жаңғырту жобасы аясында үш кәріздік сорғы станциясын салу көзделіп отыр.

Сонымен қатар облыста экологиялық бағыттағы жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарының қалдықтарын биогаз, электр энергиясы мен органикалық тыңайтқыш өндіруге арналған қайталама шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік бермек.

Раушан Мұхажанованың айтуынша, аталған шаралар өңірдегі экологиялық жүктемені азайтуға, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыруға және заманауи табиғатты қорғау технологияларын кеңінен енгізуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz