Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Алматы облысының өкілі Данияр Почивалов стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша ерлер арасындағы командалық сайыста Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы сапында Данияр Почивалов, Алишер Айсалбаев және Марк Почивалов өнер көрсетті. Біліктілік кезеңінде қазақстандық мергендер 348 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Кувейт құрамасы 355 ұпаймен алтын, Катар спортшылары 349 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлдегерлердің бірі – Алматы облысының спортшысы Данияр Почивалов. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері «трап» дисциплинасына маманданған. 22 жастағы мерген бұған дейін 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, ұлттық және халықаралық жарыстарда бірнеше рет үздіктер қатарынан көрінген.

Азия ойындарында Данияр Почивалов жеке бәсекеде де жоғары нәтиже көрсетті. «Трап» біліктілігінің алғашқы күнінде ол 48 нысананы дәл көздеп, үшінші орынға шықты. Екінші күн қорытындысында 93 ұпай жинады.

Командалық есептегі қола жүлде – спортшының халықаралық аренадағы кезекті жетістігі. Сонымен қатар бұл нәтиже Алматы облысының спортшылары ұлттық құрама сапында ел намысын абыроймен қорғап жүргенінің тағы бір көрінісі болды.

Тоғызыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 45 медаль бар: 9 алтын, 13 күміс және 23 қола. ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияда 4 қазанға дейін жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz