Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылдан үлкен спортқа: Алматы облысында «Ауыл Sport – 2026» басталды

Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл Sport» республикалық жобасының Алматы облысындағы кезеңі салтанатты түрде ашылды. Жоба ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді бұқаралық спортқа тартуға, талантты спортшыларды анықтап, олардың үлкен спортқа қадам басуына мүмкіндік беруге бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026
Жаңалықтар

«Үшқоңыр» спорт кешені бұл күні Алматы облысының әр ауданынан және ауылдық елді мекендерінен келген жас спортшылардың басын қосты. Бірі бокста бақ сынаса, енді бірі волейбол, футбол немесе күресте өз өңірінің намысын қорғайды. Олардың барлығын ортақ мақсат – облыстық кезеңнен өтіп, республикалық додада өнер көрсету мүмкіндігі біріктіреді.

Ауыл баласына үлкен спортқа жол ашатын жоба

«Ауыл Sport» – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының бастамасымен 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан республикалық әлеуметтік-спорттық жоба. Оның басты мақсаты – ауыл балаларына спортпен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік беру, бұқаралық спортты дамыту және өңірлердегі талантты жас спортшыларға қолдау көрсету.

Биыл жоба үшінші маусымын өткізіп отыр. 2026 жылы «Ауыл Sport» Қазақстанның барлық 17 облысын қамтиды. Өңірлік және республикалық жарыстарға 900-ден астам ауылдық елді мекеннен 15 мыңнан астам жас спортшының қатысуы жоспарланған.

Ауыл спортын дамыту – Halyk қайырымдылық қорының маңызды бағыттарының бірі. Жоба арқылы шалғай елді мекендердегі балаларға өз қабілетін көрсетуге, жарыс тәжірибесін жинақтауға және спорттағы келесі сатыға көтерілуге мүмкіндік беріледі.

«Ауыл Sport» ауыл балаларына тек жарысып қана қоймай, өз мүмкіндіктерін бағалап, болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады. Әрбір матч пен әрбір жекпе-жек маңызды. Алайда ең бастысы – жас спортшылардың нәтижеге жету жолында жинақтайтын тәжірибесі», – деді Halyk Bank АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова.

Сегіз спорт түрінен сынға түседі

Алматы облысындағы жарыстар Қарасай және Талғар аудандары мен Қонаев қаласындағы спорт нысандарында өтуде.

Биыл жарыс бағдарламасына сегіз спорт түрі енгізілген. Олар – мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, WKF каратэ, еркін күрес және бокс.

Мини-футбол, баскетбол және волейболдан үздіктер командалық есепте анықталса, шахмат, үстел теннисі, WKF каратэ, еркін күрес пен бокстан спортшылар жеке есепте сынға түседі.

Жарысқа қатысушылар үшін бұл тек жүлде үшін өтетін бәсеке емес, өз мүмкіндігін сынап, тәжірибе жинақтайтын маңызды алаң.

«Бокспен үш жылдан бері айналысып келемін. Осы облыстық жарыста туған Жамбыл ауданымның намысын қорғап жатқаныма өте қуаныштымын. Жаттығуда үйренгендеріміздің барлығын көрсетіп, командамыздың абыройын лайықты қорғағымыз келеді. Мен үшін бұл – спорттағы жетістіктеріме бастайтын тағы бір қадам», – дейді жарысқа қатысушы Саян Жұмағали.

Ауылдан халықаралық жарыстарға дейін

«Ауыл Sport» жобасының бұған дейінгі нәтижелері ауылдағы қарапайым спорт алаңы үлкен спортқа бастайтын алғашқы баспалдақ бола алатынын көрсетіп отыр.

2025 жылы Алматы облысының Үшқоңыр ауылынан шыққан жасөспірімдер командасы Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары қатысқан Нина Андрусенконы еске алуға арналған халықаралық волейбол турнирінде жеңімпаз атанды.

Ал 2026 жылы жоба қатысушылары волейбол, баскетбол, үстел теннисі және каратэ бойынша халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, ауыл спортының әлеуетін көрсетті.

«Алматы облысы үшін ауылдық жерлерде спортты дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Мұндай жарыстар өз ауылдарында тұрақты түрде жаттығып жүрген жас спортшыларды анықтап, оларға жоғары бәсекелестік жағдайында өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік жас спортшылар мен командалар 2026 жылғы 3–7 қараша аралығында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады», – деді Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің бас маманы Ербол Көлжабаев.

Алматы облысындағы бәсеке әлі жалғасады. Алда жас спортшыларды шешуші кездесулер мен жекпе-жектер күтіп тұр. Облыстық кезеңнің үздіктері қараша айында Астанада өтетін республикалық финалда өңір намысын қорғайды.

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры қолға алған «Ауыл Sport» жобасы үшін басты нәтиже тек медаль мен жеңіс емес. Жобаның негізгі мәні – ауыл баласына өз күшіне сенуге, қабілетін танытуға және үлкен спортқа жол ашуға мүмкіндік беру.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ауылдан үлкен спортқа: Алматы облысында «Ауыл Sport – 2026» басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Қаныш Сәтбаев шыңында жарақат алған Франция азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Қонаевта Қала күні қалай өтеді: мерекелік концерттің уақыты мен орны белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алатау қаласында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысы мен Қытай ынтымақтастықты жаңа бағыттарда дамытпақ

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz