Жұмыс сапары барысында қала басшысы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды. Жауапты мамандар инженерлік желілердің жай-күйі, коммуналдық жүйелердің жұмысы және елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ Аркен Хамитұлы жаңадан салынған көшелерді аралап, жол жамылғысының сапасын, абаттандыру жұмыстарын және жол инфрақұрылымының жағдайын тексерді. Аралау кезінде бірқатар кемшілік анықталып, оларды жою бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Қала әкімі жауапты құрылымдардың басшыларына анықталған мәселелерді жедел шешіп, тиісті жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Жылыту маусымына дайындық пен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.





