Ведомство мәліметінше, тергеу барысында оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Сондай-ақ іске қатысты құжаттар мен бейнематериалдар алынып, 12 сараптама тағайындалды.
Қызметтік міндеттеріне салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар ауа райының жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті бақылау мен тиісті шараларды жүзеге асырмаған. Сондай-ақ құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты әрекеттері де тексеріліп жатыр.
Бас прокуратура тергеу қорытындысы бойынша барлық күдіктінің іс-әрекетіне толық құқықтық баға беріліп, заңда көзделген процестік шаралар қабылданатынын мәлімдеді.




