Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды — Тоқаев

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде қазақ тілінің рөлі, өзге тілдерге деген көзқарас және этносаралық араздықты қоздыру әрекеттері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026
Жаңалықтар

«Осыған дейін бірнеше мәрте айтқанмын: ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл. Бұрын болжаммен, долбармен ғана айтылатын жағдай қазір шындыққа айналды. Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсіресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады.

Ана тіліміз мемлекеттік тіл ретінде сұранысқа ие, ұлттық мәдениетімізді, болмысымызды шырайлы да шұрайлы туған тіліміз арқылы көрсетеміз. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды. Мұның бәрі – толеранттық пен сенімге негізделген ортақ жұмыстың нәтижесі», — деді Президент.

Алайда, Президенттің айтуынша, бұл басқа тілдерден бас тарту керек дегенді білдірмейді, әрі оларды шеттетуге құқық бермейді.

«Өздеріңізге мәлім, Конституцияда тіліне, тегіне, ұлтына, дiни көзқарасы мен нанымына немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсітуге тыйым салынған. Соған қарамастан ара-тұра кейбір тісқаққан арандатушылар әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды», — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, оллардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіне нұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңін шығару.

«Расында олар балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағының тамырына балта шапқысы келеді. Сондықтан құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керек. Конституцияда бекітілген «Заң мен тәртіп» қағидатына сай әрекет етуіміз қажет», — деді Тоқаев.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы табиғатты қасақана ластайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Президент Халық Кеңесінің маңызды рөлі туралы айтты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев: «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz