Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» облыстық кәсіби байқауы қорытындыланды. Биыл бас жүлдеге Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы орта мектептің сынып жетекшісі Бибигуль Амирбоева ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026
Жаңалықтар

Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастырған байқау Талғар ауданы Жалғамыс ауылындағы №47 орта мектепте өтті. Оған облыстың аудан-қалаларынан іріктелген 12 педагог қатысып, тәрбие жұмысындағы тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін сынға салды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы тәрбие жұмысының маңызын арттыру, сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сондай-ақ үздік тәжірибелерді анықтап, тарату.

Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бағаланды. Қазылар алқасы педагогтердің портфолиосын, «Менің 45 минут сағатым» бейнематериалын, эссесін және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әзірлеген жобалық жұмыстарын саралады.

Сонымен қатар мұғалімдер «Таныстыру», «Мен – сынып жетекшісімін» шығармашылық тұсаукесері, «Шебер-класс» және «Тәрбие туралы монолог» кезеңдерінде өзара сынға түсті.

«Шебер-класс» кезеңінде педагогтер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісіне енгізу тәжірибесін көрсетті. Атап айтқанда, «Еңбек адамы», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» бағыттары бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерін таныстырды.

Қазылар алқасының шешімімен I орын Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы орта мектептің сынып жетекшісі Бибигуль Амирбоеваға берілді.

II орынды Ұйғыр ауданындағы Нүсіпбек Исахметов атындағы орта мектептің мұғалімі Айерке Сайран мен Балқаш ауданындағы Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияның сынып жетекшісі Толқын Саденова иеленді.

III орынға Қонаев қаласынан Аяжан Рахманова, Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы №21 орта мектептен Айдана Қуандыққызы және Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы мектеп-гимназиядан Ержан Омаров лайық деп танылды.

Байқаудың өзге қатысушылары да түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кәсіби байқаулар сынып жетекшілеріне тәжірибе алмасып, тәрбие саласындағы тиімді әдістерін ортаға салуға мүмкіндік береді. Өйткені сынып жетекшісі – оқушы, ата-ана және мектеп арасындағы байланысты қалыптастыратын негізгі тұлғалардың бірі. Оның кәсіби шеберлігі мен тәрбие жұмысындағы ұстанымы баланың тұлғалық дамуына тікелей ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
23.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
23.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
23.09.2026

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz