Тиісті өкімге Алматы облысының әкімі қол қойды. Бұған дейін Рустам Исатайев Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратында қызмет атқарған.
Рустам Исатайев 1986 жылы дүниеге келген. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Дарем университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Гарвард университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолында мемлекеттік басқару, инвестиция және өңірлік даму салаларында бірқатар жауапты қызмет атқарды. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Премьер-министрдің Аппаратында және Президент Әкімшілігінде еңбек еткен.
Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС вице-президенті қызметтерін атқарған.
Рустам Исатайев үшін Алматы облысы да бейтаныс өңір емес. Ол бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі және орынбасары болып қызмет атқарды. Кейін Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болды.
2026 жылдың мамыр айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Үкіметі Аппараты Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданын Талғат Байеділов басқарған. 22 қыркүйекте ол Алматы облысының Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды.





