Төтенше жағдай Көксай ауылының маңында болған. Полигон аумағындағы қоқыс өртеніп, оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті.
Өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел штаб құрылды. Құтқарушылар үздіксіз су беруді қамтамасыз етіп, жалынның басқа аумақтарға таралуына жол бермеуге күш салды.
Өртті сөндіру жұмыстарын күшейту мақсатында оқиға орнына қосымша арнайы техника жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт оқшауланды. Қазір мамандар өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаның себептері мен өрт шарпыған аумақтың көлемі туралы әзірге ақпарат берілген жоқ.





