Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта қаралады

Алматы облысында отбасын қолдау орталықтарының қызметіне кешенді талдау жүргізіліп, олардың жұмысының тиімділігі мен халыққа қолжетімділігі қайта қаралады. Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026
Жаңалықтар

Жиында отбасын қолдау орталықтарының халыққа көрсететін әлеуметтік қызметтерінің сапасы, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс, ана мен баланы қорғау, репродуктивті денсаулық және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.

Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Ваисовтың мәліметінше, жыл басынан бері отбасын қолдау орталықтары мен әлеуметтік мекемелерге 8 306 азамат жүгінген. Оның ішінде 264 отбасы өмірлік қиын жағдайға тап болып, көмек алғандар. Одан бөлек, орталықтың көмегімен 63 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 47 адам жеке басын куәландыратын құжаттарын қалпына келтірген.

Комиссия төрағасы жұмысты тек сандық көрсеткіштермен бағалауға болмайтынын ескертті.

«Әрбір отбасының мәселесі жеке қаралып, жағдайын тұрақтандыруға бағытталған нақты іс-қимыл жоспары әзірленуі тиіс. Бұл бағытта барлық мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және құқық қорғау салаларындағы басқармалар жұмусты күшейтуі қажет. Барлық аудан мен қалада «Бір отбасы – бір жоспар – бір жауапты маман» ведомствоаралық жұмыс алгоритмін енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті комиссия төрағасы.

Отбасын қолдау орталықтары азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық кеңес береді. Тұрғындар бұл орталықтарға жұмыссыздық, қаржылық қиындық, отбасылық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылық, құжаттарды жоғалту, бала тәрбиесі, баспана, денсаулық немесе құқықтық мәселелер туындаған жағдайда жүгіне алады. Қажет болған жағдайда орталық мамандары азаматтарды жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер және өзге де тиісті мемлекеттік органдарға бағыттап, қажетті қызметтерге қол жеткізуіне ықпал етеді.

Комиссия отырысында орталықтардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен тұрғындарға түсінікті болу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әрбір азамат қайда, қандай жағдайда және қандай көмек алу үшін жүгінуге болатынын білуі қажет. Осыған байланысты аудандар мен қалаларда кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, орталықтардың байланыс деректері мен қызмет түрлері туралы ақпаратты тұрақты жариялау тапсырылды.

Сонымен қатар мобильді кабинеттердің шалғай елді мекендерді қамтуын кеңейту, қызмет көрсету сапасын бағалаудың нақты көрсеткіштерін әзірлеу және орталықтардың жұмысындағы әлсіз тұстарды анықтау жөнінде міндеттер қойылды.

Комиссия отырысында ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың репродуктивті денсаулығын нығайту және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері де қаралды. Жауапты мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою тапсырылды.

Бұдан бөлек, әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыру және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Олардың тәжірибесін зерделеп, тиімді тұстарын облыс көлемінде таратуға арналған практикалық кейстер жинағын әзірлеу тапсырылды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
23.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
23.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
23.09.2026

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz