Мақсат Толықбай бұған дейін VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында жұмыс істеді. Депутаттық өкілеттігі 2026 жылғы 1 шілдеде аяқталды.
Мәжіліске келгенге дейін Мақсат Толықбай журналистика және телевизия саласында еңбек етті. 2020–2022 жылдары «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізуші-продюсері болды. Кейін «Хабар» телеарнасындағы «Біздің мақсат» бағдарламасын жүргізді.
Сондай-ақ Мақсат Толықбай Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамында болды. 2026 жылы Конституциялық комиссияның жұмысына қатысты.
Еске салайық, 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы облысының әкімі қызметін Шыңғыс Әрінов атқарып келеді.





