Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының киокушинкай-кан каратэден үздіктері анықталды

Қаскелең қаласында киокушинкай-кан каратэден кумитэ бөлімі бойынша Алматы облысының чемпионаты мен біріншілігі өтті. Жарысқа өңірдің әр ауданынан 300-ден астам жас спортшы қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026
Жаңалықтар

Бәсеке Қарасай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлдар мен қыздар арасында төрт жас санаты және 25 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Бұл жарыс облыс спортшылары үшін тек жүлде сарапқа салатын дода емес, Алматы облысының құрама командасына іріктеудің маңызды кезеңі болды. Үздік нәтиже көрсеткен каратистер 3–4 қазанда Астана қаласында өтетін республикалық жарыстарда өңір намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Облыстық додаға спортқа енді қадам басқан жас каратистермен қатар, республикалық жарыстарда тәжірибе жинақтаған спортшылар да қатысты. Алматы облысының киокушинкай-кан каратэден аға жаттықтырушысы Бекжан Сүнбековтің айтуынша, әр жас санатындағы спортшыларға қойылатын талап та әртүрлі.

«10–11 жастағы ең жас каратистерде жекпе-жек мәдениеті біртіндеп қалыптасады. Олар дұрыс қозғалу, эмоцияны бақылау, тактиканы сақтау және қарсыластан қаймықпауға үйренеді. 12–13 жаста техника мен тактиканың маңызы артады. Ал 14–15 жаста облыстық чемпионат спортшының дайындығын, физикалық төзімділігін және тактикалық ойлауын айқындайтын маңызды сынаққа айналады. 16–17 жаста тұрақтылық, тәжірибе мен жоғары деңгейдегі бәсекеге дайындық алдыңғы орынға шығады», – деді Бекжан Сүнбеков.

Жарыста 14–15 жас санатында топ жарған Қарасай ауданының спортшысы Нұрсұлтан Белгожаев үшін бұл жеңіс Алматы облысының құрамасындағы орнын бекітуге мүмкіндік берген.

«Финалда төзімділіктің қаншалықты маңызды екенін ерекше сезіндім. Бұл жеңіс мен үшін өте маңызды болды, өйткені Алматы облысының құрама командасындағы орнымды бекітуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта ірі халықаралық жарыстарда туған облысымның қоржынына медаль салғым келеді», – деді жас спортшы.

Чемпионат қорытындысында ең көп алтын медальді Қарасай ауданының спортшылары жеңіп алды.

Ұлдар арасында өз жас және салмақ дәрежелерінде Сабит Қосанов, Ерсұлтан Қалижан, Дияс Мұхамеджан, Ұлан Мұқаммет, Ернұр Закарья, Ілияс Сағат, Сұлтан Марат және Исатай Қуатбаев үздік атанды.

Қыздар арасында Айлуна Быченко, Ұлболсын Борибай, Зере Бауыржанқызы, Жаннұр Үмітғали, Жаннұр Борибай, Баянсұлу Бақтыгүл және Айым Мелдебек жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Енді облыстық жарыста үздік нәтиже көрсеткен спортшылар республикалық деңгейдегі додаға дайындықты жалғастырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz