Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Алматы облысы мен Қытайдың Цинхай провинциясы бірқатар маңызды бағыт бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл мәселе Цинхай провинциясы Халық үкіметінің вице-губернаторы Чэн Цзивэй бастаған делегацияның Алматы облысына сапары барысында талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026
Жаңалықтар

Қытайлық делегация Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевпен кездесіп, екі өңір арасындағы байланысты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, медицина, спорт және туризм салаларында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Тараптар аталған бағыттар бойынша өзара байланысты күшейтіп, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар Алматы облысы мен Цинхай провинциясындағы кәсіпорындар мен ұйымдар арасында тікелей байланыс орнату, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Цинхай провинциясының жасыл даму, ауыл шаруашылығы, энергетика, экологиялық технологиялар және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағыттарында тәжірибесі мол. Осыған байланысты тараптар аталған салалардағы тәжірибе алмасуды жолға қойып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысында тараптар өңіраралық байланысты нығайтып, нақты бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz