Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында заманауи көшпенділер мәдениетін дәріптеген Nomad Álemi фестивалі өтеді

19 қыркүйекте Алматы облысындағы «Біздің ауыл» этноауылында Nomad Álemi фестивалінің қорытынды шарасы өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2026
Жаңалықтар

Көшпенділер мәдениеті мен дала мұрасын заманауи тұрғыдан танытуға бағытталған фестиваль музыка, өнер, білім, ұлттық спорт пен гастрономияны бір алаңға тоғыстырады.

Бұған дейін жоба 5 қыркүйекте Ақмола облысының Макинск қаласында және 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қасым Қайсенов ауылында ұйымдастырылды. Алматы облысындағы шара фестивальдің биылғы бағдарламасын қорытындылайды.

Nomad Álemi жобасының негізгі идеясы – көшпенділерден қалған мәдени мұраны бүгінгі заман тұрғысынан қайта пайымдау. Осы мақсатта фестиваль аумағы бірнеше тақырыптық кеңістікке бөлініп, әр алаңда ұлттық мәдениеттің белгілі бір қыры таныстырылады.

«Білім» алаңында заманауи номад ұғымы, ұлттық мәдени код, түркі мифологиясы, өнер, сән және көшпелі өркениет мұрасының бүгінгі өмірдегі көрінісі талқыланады.

Жазушы әрі мәдениеттанушы Зира Наурызбай қазақ мифологиясы мен бүгінге дейін жеткен мәдени кодтар туралы әңгімелейді. Суретші Дәурен Тасбулатов Ұлы даланың көне бейнелерін заманауи өнер тұрғысынан қайта пайымдау тақырыбын қозғайды. Ал эко-этнодизайнер Ботагөз Сатыбек дәстүрдің қазіргі киім үлгілеріндегі көрінісі мен саналы тұтыну мәселесіне тоқталады.

Бағдарлама аясында дизайнер әрі режиссер Мансур Смағамбетовтың Parsifal бейнеинсталляциясы көрсетіліп, түркітанушы Ерлан Еспенбетов көшпелі өркениеттің мұрасы туралы дәріс оқиды. Сондай-ақ журналист-зерттеуші Юрий Дорохов пен археолог Ольга Гумирова қатысатын «Есте сақтау картасы: қазіргі номад өз жерінің тарихын қалай таниды?» атты пікірталас өтеді.

«Ойын» алаңында қонақтар ұлттық ойындарға қатысып, түрлі спорттық сайыстарда бақ сынай алады. Ал «Дастархан» кеңістігі көшпенділердің гастрономиялық мұрасына арналады. Этнограф Айгерім Мұсағажина «Көшпенділер асханасы: көне мен жаңа» тақырыбында дәріс оқып, шеберлік сағатын өткізеді.

Фестивальде заманауи өнерге де ерекше орын беріледі. Open call байқауында жеңіске жеткен жеті автордың жұмысы көпшілік назарына ұсынылады. Арт-галереяда суретшілер Дәурен Тасбулатов пен Риз Есентаевтың туындылары қойылады.

Фестивальдің басты арт-нысандарының бірі – биіктігі төрт метрлік Тазы мүсіні. Қайта өңделген пластиктен жасалған нысанды фестиваль қонақтары өз қолдарымен толықтырып, ортақ өнер туындысының жасалуына үлес қоса алады.

Музыкалық бағдарлама күні бойы жалғасады. Кешкі концертте Yenlik, Dudeontheguitar, Steppe Sons, Urker, «Арқайым», Tengri, Duana және басқа да өнерпаздар сахнаға шығады.

Сонымен қатар фестиваль аумағында «Мүшел жолы» атты арнайы кеңістік жұмыс істейді. Мұнда адамның дүниеге келуінен бастап есейіп, кемелденуіне дейінгі өмір жолы символдық түрде бейнеленеді.

Nomad Álemi фестивалі Aitas food-холдингінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – көшпенділерден қалған мәдени мұраны заманауи көзқараспен танытып, ұлттық құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орнын көрсету.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Қала күні алты күн бойы тойланады

Қорлан Нұрланқызы
20.09.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.09.2026

Алматы облысында қазақ күресінен XXV республикалық турнир басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2026

Алматы облысында заманауи көшпенділер мәдениетін дәріптеген Nomad Álemi фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2026

Іле жастарына интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz